0oC
-1oC

Облыстық семинар Қапшағай қаласы № 3 орта мектебінде өткізілді.

Облыстық семинар Қапшағай қаласы № 3 орта мектебінде өткізілді.

Городской Портал Бухта Капшагай | Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы

Алматы облысы білім басқармасы 2018 жылдың 2 ақпанында «Табысты басшы» жоба аясында білім сапасын арттыруда мектеп басшыларына инновациялық басқару мен мектепішілік бақылауды жоспарлау, тиімді ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында «Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы» тақырыбында мектеп басшыларына арналған облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Тлеутайқызы Омарова, «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының өкілдері мен қалалық, аудандық білім бөлімінің бас мамандары, дарынды балаларға арналған арнаулы лицей, гимназия директорлары және жалпы орта білім беру ұйымдары басшылары қатысты.

Басқарма басшысының орынбасары М.Омарова семинардың таңғы сессия жұмысын алғы сөзімен ашып, мектеп басшыларына заманауи мектепті басқаруда табысты білімге қол жеткізу үшін мектепішілік бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Білім сапасын жетілдірудегі мектепішілік бақылаудың маңызы жайлы «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Майра Уалиқызы Валиева өз ойын ортаға салса, Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Ділдахан Қыраубекұлы Ибрагимов мектепішілік бақылауды мақсатты жүргізу арқылы табысты мектепке жетудің жолдарын атап көрсетті. Сонымен бірге, таңғы сессияда Талғар ауданы Гүлдала ауылы шағын орталығы бар №21 орта мектептің директоры Қуан Кушбелдекович Айтбаев мектепішілік бақылауды қалай жүргізетіндігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың күндізгі сессиясы тәжірибе бөлісу алаңымен жалғасты. Онда мектеп басшылары мен орынбасарлары білім сапасын арттыруда мектепішілік бақылауды жоспарлау, басқару, іске асыру жолдары жайлы өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-кластар өткізді. Семинарға 200-ге жуық қалалық, аудандық білім бөлімінің бас мамандары мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Источник:
23:05
1266
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!

Если вы заметили смысловую, орфографическую, стилистическую или другую ошибку на этой странице, просто выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter. Выделенный текст будет автоматически отослан редактору



Бухта Капшагай © 2018 BigNews.KZ bignews.kz СНКР-Kapinfo.kz Kapinfo.kz
Яндекс.Метрика