+16oC
+9oC

Әкімнің бақылауында. Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ. Қайнарбековтың.

Әкімнің бақылауында. Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ. Қайнарбековтың.

Городской Портал Бухта Капшагай | Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ. Қайнарбековтың «Қапшағай қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері

2017 жылдың 11 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы өңірдің 2016-2020 жылдар аралығына арналған даму Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды және төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:
- 2017 жылдың 11 айында бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер белгіленген 15814,2 млн.теңгенің орнына 15829,9 млн.теңгені құрап, 100,1 % орындалды және 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 104,3% жетті;
- республикалық бюджетке болжамда белгіленген 11551,1 млн.теңгенің орнына 11521,2 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 99,7% орындалды, бұл 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,2% пайызды құрады;
- жергілікті бюджетке түсетін салықтар жоспары 100,1% орындалып, 4263,1 млн.теңгенің орнына 4308,7 млн.теңге қаражат түсті.
Қала бюджетінің шығыс бөлігі 98,7% орындалып, ол 10551,5 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Өнеркәсіп
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2017 жылдың 11 айында жалпы сомасы 49783,8 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2018 жылға жоспарланған көлем 55000,0 млн.теңгені құрайды.
Есептік кезең қорытындысы бойынша «Кнауф Гипс Қапшағай», «Қапшағай Құрылыс Комбинаты», «Агро Фит Капшагай», «Пэноплекс», «Магнетик», «АЯМ», «Дорпласт-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өндіріс көлемдерін арттырды. Сондай-ақ, желэлектрстанциясы «АНАР», евротара өндіретін цех «Гамма» ЖШС, «АгроФитКапшагай» ЖШС, «Магнетик» ЖШС өндіріс көлемдерін кеңейтті.
Жыл басынан бері өнеркәсіп саласында жаңа ашылған кешендер мен кеңейу есебінен 237 жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан бері негізгі капиталға 21155,8 млн. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 72,4% немесе 15318,9 млн.теңгені құрады.
2018 жылы 24800,0 млн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында «Арна» индустриалды аймақты дамыту жұмыстары жалғасуда (аймақта барлығы 41,5 га жер игерілген, олар: «АлматыЭлектрощит», «Тас-Құм», «Ля Эспиранза», «Peri Қазақстан», «МарвенФудТянь-Шань» ЖШС-і).
Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 3778 объектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатындардың саны 16486 адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 3363,0 млн.теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 11596,9 млн.теңгелік өнім өндірді.
Жыл басынан бері 21 шағын және орта кәсіпкерлік объектілері іске қосылып, 2325 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олар: бала бақшалар, құс фабрикасы, тігін цехы және сауда мен қызмет көрсету нысандарының кеңейу жұмыстары аяқталды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 14 жоба іске асырылды, 60 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:
банк кредиттерінің бір бөлігін кепілдендіру бағыты бойынша жалпы сомасы 23,9 млн.теңге 3 жоба қаржыландырылды;
мемлекеттік грант беру бойынша 3 жобаға 4,0 млн.теңге берілді;
«Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды жеткізіп беруге қатысты жалпы сомасы 348,0 млн.теңгеге «ЛСТ Маркет» ЖШС-не ұзындығы 5,3 шақырым элект желісі тартылуда;
7 жобаға жалпы сомасы 858,0 млн.теңгеге субсидия төлемдері жасалды;
«Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттеу бағыты бойынша «КазЭкоПром» ЖШС-мен шампиньон саңырауқұлақтарын өсіретін цех іске қосылды, 15 жұмыс орны ашылды;
«Agri Pack» ЖШС- мен көкөніс қаптарыын өндіру цехы іске қосылып, 20 жұмыс орны ашылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде 16 жоба 72,1 млн.теңгеге кредиттелді.
Ауыл шаруашылығы
2017 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 12129,3 млн.теңгені құрады және 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,2% орындалды.
2017 жылы егістік көлемі 12780 га жер игеріліп, жоспар 100% орындалды. Дәнді дақылдар көлемі 4180 га құрады, оның ішінде: күздік бидай 67 га, жаздық арпа 3530,0 га, дәндік жүгері 542,0 га. Сафлор мен майбұршақ егістіктерінің көлемі 3708,0 га, картоп 283 га, көкөніс 2044 га, бақша дақылдары 162 га, мал азық дақылдары 1830 га, қант қызылшасы 573,0 га егілді.
2017 жылы дәнді дақылдарды өсіру үшін 1750 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы, 1300 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясы қолданылды.
Дәнді дақылдар 4180,0 га жерден шабылып, қоймаларға 10235,0 тонна дәндік дақыл құйылды. Өңір бойынша биылғы жылы дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 25,9 центнерден өнім алынған. Егілген 1462 гектар мақсарыдан 1506 тонна дән алынды, 2246,74 гектар майбұршақтан 4505 тонна өнім жиналды. Майлы дақылдардың орташа өнімділігі 16,2 центнерді құрады.
Картоптың жиыны аяқталып 283,21 гектар жерден 6724 тонна өнім алынды.
Тамшылап суғару, жаңбырлату прогрессивтік технологияларын қолдана отырып ауыл шаруашылық тауарөндірушілері 2039 га жерден 106772,5 тонна көкініс жиналды.
Малдың қыстау мерзіміне өңір бойынша 12000,0 тонна шөп, 4000 сабан, 4500 тонна фуражды астық дайындалды. Жоспарға сәйкес 1600 гектар (күздік) сүдігер жыртылған.
«АгроСервисҚант» ЖШС-мен сервистік дайындау орталығы құрылды. Қант қызылшасын егу аумағы 573,0 га жетті.
«Агробизнес 2020» бағдарлмасы аясында 2017 жылы басым дақылдар бойынша 379,9 млн.тенге, мал шаруашылығына 10,9 млн.теңге субсидия бөлінді.
«Green Land Alatau», «LST Market» ЖШС-нің жылыжай кешендері жыл басынан 7050,2 тонна көкөніс өндірді.
Ауылшаруашылық тауарөндірушілер қоймаларға 31200 тонна бас пияз, 1500,0 тонна картоп қысқы мерзіміне сақтауға өткізген.
Мал ауруларының алдын алу жұмыстары қолға алынған. «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы 26,4 млн. тенге бөлініп, оның есебінен төмендегі жұмыстар атқарылды:
- топалаң ауруына қарсы 7500 бас ірі қара, 61000 бас ұсақ мал, 2000 бас жылқы, 400 бас доңыз егілді;
- қой күлі (оспа) ауруына қарсы 55600 бас егілді.
Серологиялық (Бруцеллезге қарсы) зерттеу әдісімен сарып ауруын анықтау барысында 47720 бас ұсақ мал зертеліп, 95 бас малдың ауру екендігі анықталды және ірі малдың 7952 ірі қара мал егіліп, 7 бас ауру мал анықталды. Ауырған мал ет өңдеу кәсіпорнына өткізілді. Сонымен қатар жануар иелеріне компенсация ретінде 1,7 млн.тенге төленді және санитарлық союға 255,0 мың теңге бөлініп, игерілді.
Қанғыбас ит пен мысықтарды аулау жұмысы бойынша 2,4 млн.теңге бөлініп, 1655 қаңғыбас ит пен мысық ұсталып, жойылды.
Шеңгелді ауылында жаңа ветеринариялық пункт іске қосылды.
2018 жылы ауылшаруашылық саласының жалпы өнім көлемі 13600,0 млн.теңге болады деп жоспарлануда. Қант қызылшасын егу көлемін 700 га дейін жеткізу жоспарлануда.
Әлеуметтік мәселелер
2017 жылғы 11 айда жұмыспен қамту бөліміне 2058 жұмыссыз азаматтар жүгінді. Аталған бөлімнің қатысуымен 1214 адам жұмысқа орналастырылды. 2325 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жыл басынан 371 азаматтарға 6 мамандық бойынша (электргазбен дәнекерлеуші, аспаз, шаштараз, электромонтер, ЭВМ операторы, тігінші) қайта оқыту ұйымдастырылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 239 адам жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 451 адам жұмысқа жіберілді, оның 218-і ауылдық жерлерден.
Халықтың арнаулы тобынан әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам жұмысқа жіберіліп, жұмыспен қамтылды.
Жастар практикасына 38 адам жіберілді, оның 24 тұрақты жұмыспен қамтылды.
16 азаматқа шағын несие берілді. Осы мақсаттарға 72,1 млн.теңге бөлінді.
Есептік кезең ішінде келесі атаулы әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді, олар:
- кедейшілік шегінен төмен тұратын 63 адамға 1779,0 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек;
- 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 623 балаға 6564,0 мың теңге жәрдемақы;
- 464 жанұяға 6252,5 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді;
- 39 мүгедек балаларын үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 1084,5 мың теңге беріліп, көмек көрсетілді;
- туберкулезбен науқастанған 16 адамға 1361,4 мың теңгеге көмек көрсетілді;
- ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 408,4 мың теңгеге, 112 ауған соғысы ардагерлеріне 5600,0 мың теңге компенсация төленді;
- Чернобыль АЭС авариясынан зардап шеккен 29 азаматқа сомасы 1450,0 мың теңге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді;
- 382 ауылды аймақтарда тұратын әлеуметтік сала мамандарға сомасы 4333,8 мың теңге болатын көмек көрсетілді;
- барлық қаржыландыру көздерінен 267 адамға сомасы 7160,0 мың теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді.
Сомасы 1108,0 мың теңгеге облыс әкімі гранты есебінен 2 студент оқуын жалғастыруда.
«Өрлеу» жобасы шеңберінде аз қамтылған отбасылардың 344 мүшесіне 17907,9 мың теңгеге көмек берілді.
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан бөлінген жолдамалар бойынша 40 адам денсаулығын түзетсе, 2 мүгедек қол арба, ал 86 мүгедек ортопедиялық көмек алды. Жыл басынан бері 38 мүгедек тифло-сурдо құралдарымен, 119 мүгедек міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді.
57 өздігінен қозғала алмайтын 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші тағайындалды.

Тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы және көркейту
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жылумен қамту.
Жылу жүйелерінің ұзындығы – 58,4 км (магистральды құбырлар 15,6 км, бөліп таратушы құбырлар ұзындығы 42,8 км). Қазіргі уақытта 60% немесе 35,0 км жылу құбырларының желілері ауыстырылған. Желілердің тозуы 40,0% немесе 23,4 км құрайды.
Қапшағай қаласын жылумен қамтуды үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету мақсатында 17,4 мың тонна мазут сатып алынды.
«Қапшағайжылу» мекемесінің су жылыту қазандығы ғимаратын реконструкциялау мен үш қазандықты ауыстыру және барлық технологиялық жабдықтарды ауыстыру жобасы іске асырылуда. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2018 жылдың сәуір айы.
Су беру және кәріз жүйелері.
Су беру жүйелерінің ұзындығы 270,4 км, кәріз жүйелерінің ұзындығы 156,2 км. Су беру жүйелерінің тозуы 70,0% құрайды немесе 189,0 км су беру жүйесін модернизациялау қажет. Кәріз жүйесінің тозуы 70,0% немесе 116,5 км құрайды. Аталған тозу салдарынан желілердегі аварияларға соқтыруда.
«Арна ауылындағы ұңғымаларды реконструкциялау» нысанының жұмыстары аяқталды.
«Заречный ауылындағы кәріздік тазарту жүйелерін реконструкциялау» нысанының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 63,8 млн.теңге бөлінді. Геодезиялық және геологялық жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғын-үй фонды.
Қапшағай қаласының тұрғын-үй фондын 238 көпқабатты тұрғын үйлер құрайды. Қала бойынша 1967 жылы салынған 30 екіқабатты (270 пәтер) жалпы ауданы 9,6 мың шаршы метр апатты тұрғын үй бар. «Алматыэксперткурылыс» ЖШС аталған үйлердің аппатты жағдайда екендігі туралы қорытындысы шыққан.
Степная көшесіндегі 2 үйді бұзуға 5,0 млн.теңге қарастырылып, игерілді. 16 пәтер сатып алуға 79,8 млн.теңге бөлінді.
Аялдамаларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қала бойынша 22 дана жаңа аялдамалар орнатылды.
Шағын аудандардағы үйлердің аулаларын көркейту бойынша келесідей жұмыстар атқарылды: балалар, футбол алаңдары құрылды, кварталаралық жолдар жөнделді.
Қала аулалары қоршалды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Көше жолдары мен паркингкке арналған алаңдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Құрғақ ағаштарды кесілді және гүл алаңдарын көгалдандырылды және суғару жұмыстары жүргізілді.
Екі жағажайды қалпына келтіру жұмыстары жасалды.
Қаладағы 2 фонтан жөнделді.
Бағдаршамдар мен жол белгілерін техникалық қызмет етуге 3,01 млн. теңге бөлінді.
Бағдаршамдардың электроэнергиясын төлеуге 241,0 мың теңге бөлінді.
Автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Ауылды жерлер мен қала көшелерін паспортизациялау жұмыстары аяқталды.
2 ықшам ауданының кварталаралық көшелерінің, Железнодорожная, Соболева, Жамбыл, Қонаев, Алматинская көшелерінің, Алтын-Алма бағбандық серіктестігіне кіреберіс жолдарының, Алматы-Өскемен трассасынан темір жол вокзалына кіреберіс жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу құжаттамасын әзірлеуге 13,3 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Центральная, Әйтеке би, Индустриальная көшелерін және «Алматы-Демалыс» демалу аймағының жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу құжаттамасын әзірлеуге 32,0 млн.теңге бөлінді.
Мұқанов, Достық көшелерінің жалғасының құрылысы, Қапшағай қаласының жағажай жолдарының құрылысына қажетті құжаттама жасауға 12,9 млн.теңге бөлінді.
Шошқалы сай арқылы өтетін көпір құрылысының технико-экономикалық негіздемесін жүргізуге 3,5 млн.теңге бөлінді.
Қапшағай қаласындағы Индустриальная көшесін күрделі жөндеуден өткізуге 40,0 млн.теңге бөлінді.
Қапшағай қаласы бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Заречный ауылының 2 балалар ойнайтын алаңын орнатуға 3490,0 мың.теңге бөлініп, игерілді. Шеңгелді ауылдық округіндегі Шеңгелді, Сарыбұлақ, Кербұлақ ауылдарында балалар алаңын орнатуға 9450,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді.
2018 жылға келесідей жобалар қарастырылған:
«Су беру жүйелері мен кәріздік жүйелерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер ауылдарындағы су беру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына 100,0 млн.теңге қарастырылған;
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы аясында Заречный ауылында су жүйесін ағымдағы жөндеуге, Ақөзек, Қосқұдық ауылдарындағы балалар аулаларын жасауға 12,9 млн.теңге қарастырылған;
Қапшағай қаласындағы аулаларды жөндеу жұмыстары жалғастырылады; Жағажайларды абаттандыруға және оның қызметін ұйымдастыруға 118,6 млн.теңге қарастырылды;
Қапшағаай қаласының арық жүйесін жүргізуге 50,0 млн.теңге қарастырылды;
Аялдамаларды ауыстыру мен ағымдығы жөндеу жұмыстарына 37,6 млн.теңге қарастырылды;
Степная көшесіндегі 2 үйді бұзуға 10,0 млн.теңге, тұрғын үй сатып алуға 84,0 қарастырылды;
Қапшағай қаласындағы Индустриальная көшесін күрделі жөндеуден өткізуге 244,3 млн.теңге қарастырылды.
«Алматы-Демалыс» демалу аймағының ұзындығы 15 шақырым болатын 14 көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 100,0 млн.теңге қарастырылған.
Әйтеке би, Центральная көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 50,0 млн.теңге қарастырылған.
Қонаев көшесінің жолдарын орташа жөндеуден өткізуге 50,0 млн.теңге қарастырылған.
Қосқұдық ауылындағы Объездная көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 51,9 млн.теңге қаражат қарастырылды;
Қосқұдық ауылындағы Бөлек би көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 20,3 млн.теңге қаражат қарастырылды;
Қапшағай қаласының жағажай жолының құрылысына 249,2 млн.теңге бөлінді;
8-10 ықшам аудандардың көшелелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының құжаттамасын әзірлеуге 7,1 млн.теңге қарастырылған.
Восточный ықшам ауданыны көшелелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының құжаттамасын әзірлеуге 6,0 млн.теңге қарастырылған.
Құрылыс
2017 жылдың 11 айында құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9225,7 млн.теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,3 % құрады. 11,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда салынған үйдің көлемі 145,9% құрады. 2018 жылға жоспар 7,3 мың шаршы метрді құрайды.
№12 "Б", «Арна 2 кезең» ықшам аудандарының инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осы мақсатқа бюджеттен 770,4 млн. теңге қаражат бөлінді.
Алматы обласының Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектебі құрылысы аяқталды.
Қапшағай қаласындағы «Арна» ықшам ауданы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» нысанын іске асыруға 546,5 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді. Құрылыстың аяқталуы 2018 жылға белгіленген.
Қапшағай қаласындағы 50 пәтерлік кредиттік тұрғын үй құрылысы басталды. Бюджеттен сомасы 151,0 млн.теңге бөлінді, оның 74,5 млн.теңгесі игерілді. Инженерлік коммуникациялық жүйелер құрылысын жүргізуге 23,4 млн. теңгеге бөлініп, 22,2 млн.теңгесі игерілді. Құрылыстың аяқталуы 2018 жылға белгіленген.
Қапшағай қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу құжаттамасын әзірлеуге 10,0 млн.теңге бөлініп, игерілді. Келісім-шарттың жалпы сомасы 26,3 млн.теңгені құрайды, жұмыстардың аяқталуы 2018 жылдың наурыз айына белгіленген.
2018 жылға келесідей жобалар қарастырылған:
Қапшағай қаласындағы 50 пәтерлік кредиттік тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға 26,7 млн.теңге қарастырылған;
Қапшағай қаласындағы «Арна» ықшам ауданы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға 100,7 млн.теңге қарастырылған;
Қапшағай қаласындағы 50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй құрылысының құжаттамасын әзірлеуге 11,8 млн.теңге қарастырылған;
Қапшағай қаласындағы 30 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй құрылысының құжаттамасын әзірлеуге 5,2 млн.теңге қарастырылған;
Қапшағай қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу құжаттамасын әзірлеуге 10,0 млн.теңге қарастырылған;
Заречный ауылында полиция пункті мен тұрғын үй құрылысына 19,9 млн.теңге қарастырылды.
Білім
«Балапан» бағдарламасы аясында қалада және аймақта 8 мемлекеттік, 8 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме мен 7 шағын орталық жұмыс істейді.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша Заречный ауылында 40 орындық балабақша, Қапшағай қаласында 325 балаға арналған 5 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Барлығы 6 мекеме ашылды. Барлығы 2650 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 97,5% құрады.
Оқушылардың дарындылық қабілеттерін анықтау мақсатында облыстық жалпы білім беретін «Дарын» пәндер олимпиадасына қатысқан 34 оқушының 28-і жүлделі орын иеленді.
Оқушылар арасындағы облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауына 45 оқушы қатысып, 32 жүлделі орын алды.
Республикалық деңгейдегі өткен «Зерде» ғылыми жобалар байқауына 5 оқушы қатысып, 2 жүлделі орын алды.
Облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олипиадасына қазақ және өзге ұлт өкілдерінен 10 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарды иеленді.
Облыстық кіші ғылым Академиясының ғылыми-практикалық конференциясына 33 оқушы қатысып, 25 жүлделі орындарды иеленді.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға 17 оқушы қатысып, 13 жүлделі орындарды иеленді.
К.Бітібаева атындағы қазақ тілінен республикалық олимпиадаға 1 оқушы қатысып, жүлделі орын алды.
«Flex» халықаралық байқауының жүлдегері АҚШ-да тегін білім алуда.
Республикалық пәндер олимпиадасына қатысқан 45 оқушының 42-і жүлделі орын иеленді.
2016-2017 оқу жылын 9620 оқушы оқып, білім алды. 185 оқушы Ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша 21 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды, үздік аттестатты 16 оқушы алды. Қала және аймақ бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 90,0 балды құрады. ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласы Алматы облысында 1-ші орынды иемделді. 19 аудан ішінде білім басқармасының рейтингі бойынша Қапшағай қаласының білім бөлімі 1 орынға ие болды.
«Аленушка» бала бақшасы сомасы 118,9 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Материалды-техникалық базасын нығайтуға 25,0 млн.теңге бөлінді.
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту басты назарда. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар 91,5 млн. теңге қаражатқа сатылып алынды.
10,5 млн.теңгеге компютерлік техника сатып алынды және 9,4 млн.теңгеге мультимедиалық құралдар сатып алынды.
Бүгінгі күні кеңжолақты интернетке 15 білім беру мекемесі қол жеткізуде, 15 мектепте 100 интерактивті тақта орнатылған.
Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектепті күрделі жөндеуге жобалау сметалық құжаты әзірленуде. Жобалау құны 9,8 млн. теңгені құрайды, жұмыстардың аяқталуы 2018 жылдың наурыз айы.
«Мектеп ауласы» жобасы бойынша 5 мектептің аулаларын абаттандыру мен қалпына келтіруге қатысты құжаттамасы 7,9 млн.теңгеге әзірленуде.
Денсаулық саласы
2017 жылдың 11 айында 39430 адам скринингтік тексеруден өтті. 1920 науқас диспансерлік тіркелімге алынды. Күндізгі стационарда емделгендердің саны 2473 адамды құрады, ал тәуліктік статционарда 6211 науқас емделді. Халықтың денсаулығын нығайту және науқастану жағдайларының алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салты» бағдарламасына қатысты жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылы сомасы 16,6 млн.теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.
Диспансерлік тіркелімдегі науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін тарататын дәрніхана жұмыс жасауда, сомасы 272,2 млн.теңгеге дәрі-дәрмек берілді.
2018 жылы қала аумағында жаңа балалар емханасы мен жедел жәрдем ғимараттарының құрылысына қажетті құжаттамаларын әзірлеу жоспарлануда.
Мәдениет, спорт және туризм
Қала тұрғындарының бос уақыттарын, демалыстарын ұйымдастыру жөніндегі істер тұрақты түрде жүзеге асырылуда. 2017 жылы Қапшағай қаласы мен өңірде 327 мәдени шаралар және конкурстар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қапшағай қаласы тұрғындарының мәдени демалысын жүзеге асыруда «Қапшағай қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі мен ауылдық округ кітапханалары өз ықпалын тигізуде. Қалалық білім бөлімі, әскери бөлімдер мен қала кәсіпорындарымен оқу конференциялары, жазушылармен кездесулер ұйымдастырылды.
Тұрғындардың салауатты өмір сүру салтын қалаптастыру мақсатында қалада және ауылдық округтерде бұқаралық спорт түрлерін дамытуға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілді.
Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі жоғары білікті спортшылар даярлау болып табылады. Спорттың 18 түрі бойынша қалада барлығы 163 спорт нысандары жұмыс істейді, оған 1488 адам қатысады. Есептік кезеңде 77 ірі бұқаралық-спорт шаралары өткізілді. Спортпен тұрақты шұғылданатындардың саны 17527 адамды немесе қала тұрғындарының 28,5%-ын құрады.
Қалалық саябақ аумағында спорттық алаң іске қосылды, оған келесі нысандар кіреді:124 орындық стадион, волейбол, баскетбол, боксерлік және роликке арналған алаңдар. Жоба құны 109,0 млн.теңгені құрады.
2017 жылы 5 спорт шебері, 52 спорт шеберлігіне кандидаттар даярланды, 25 адамға 1 дәрежелі ересектердің спорттық және 124 – бұқаралық разряды тағайындалды. Қаланың және аймақтық спортшылары республикалық және облыстық жарыстарда 965 медаль иеленді, оның 326 - алтын, 639 – күміс және қола. 124 спортшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына кірді.
Қала тұрғындарын сапалы түрде спортпен қамту мен әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мақсатында спорт сарайының құрылысы жоспарлануда. 2017 жылы Қапшағай қаласында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы нысанының жобалау сметалық құжатын әзірлеуге 10,0 млн.теңге қарастырылды. Жобаның құжаттамасы 2018 жылдың наурыз айына дайын болады.
Қапшағай су қоймасы жағалауында жайлы коттедждермен, жазғы кафелермен, автотұрақтармен жабдықталған 189 демалыс базасы орналасқан. Қала аймағында 10 қонақ үй, 7 ойын орталығы мен 3 слот-клуб жұмыс жасайды.
Мониторинг ақпараты бойынша 2017 жылы туристтік-сауықтыру бойынша қызмет көрсету көлемі – 440,0 млн.теңгені құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 101,2% құрады.
Жыл басынан «Ибрагимова» қонақ үй кешені іске қосылды 7 жаңа жұмыс орны ашылды және «Ермин» демалу базасының 60 орынға дейін кеңейу жобасы іске асырылды, 9 жұмыс орны ашгылды.
2018 жылы туристтік қызмет көрсету көлемін 445,0 млн.теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Қоғамдық тәртіп
Қала бойынша 2017 жылдың 11 айында барлығы 1028 қылмыс саны тіркелген, ал 2016 жылдың осы мерзімінде 1374 қылмыс жасалған.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес құқық қорғау саласына қоғамдық құрылымдарды тарту, оны дамыту бойынша іс-шаралар атқарылуда.
Нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу мақсатында оқу орындарында «Жастар есірткіге қарсы», «Есірткіге жол жоқ» тақырыбына лекциялар мен түсінік беру жұмысы өткізілуде.
Қаланың қылмыстық жағдайын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар аясында «Жасөспірім», «Мектеп кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Отбасы және балалар» іс-шаралары өткізілді. Жасөспірімдердің жиналатын жерлерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізілді.
Жасөспірімдердің құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссия отырысында ата-аналары мен мектеп өкілдері шақырыла отырып 8 материалдар қаралды.
Қоғам қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыстарды ашу үшін Қапшағай қаласында «Көршілік бақылау-Нөлдік шыдамдылық» қылмыстың алдын алу бағдарламасы енгізілді.
2017 жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен криминогендік жағдайды жақсарту, қылмыстың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз қала» концепциясын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Соған орай, қазіргі уақытта тұрғын үйлерге бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргзілуде. Сонымен қатар көше мен аулаларды бақылауға орай, бейнебақылау жүйелерін орнатуға қатысты құжаттама жасалуда. Жоба бойынша барлық бейнебақылау жүйелері жылдам басқару орталығына жинақталатын болады.
Әкімнің бақылауында
2017 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласының әкімі қала тұрғындарымен 5 есепті кездесулер өткізді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында 27 адамнан әр-түрлі әлеуметтік сауалдар қойылды. Кездесулер барысында қала әкімі тарапынан түсініктемелер берілді.
Қаржы бөлінуді қажет ететін және жоғары тұрған органдармен келісуді талап ететін 11 ұсыныс көтерілді, аталған сұрақтар есеп беру кездесулерін өткізу кезінде азаматтардың айтқан ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді, олар:
3 - жол жөндеу жұмыстары жайында;
6 - білім нысандарын жөндеу және құрылысы бойынша;
2 – абаттандыру және санитарлық жағдай жайында.
Қазіргі уақытта көтерілген 11 мәселенің толығымен орындалғаны 5, 2 ұсыныс бойынша жобалы-сметалық құжаттамалар әзірленді, 4 нысан 2018 жылға өтпелі.
Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қаралып, орындалу нәтижелері туралы ақпараттар «Нұрлы Өлке» газетінің беттерінде және қала әкімінің ресми интерент ресурсына жарияланған. 

Источник:
06:25
876
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!

Если вы заметили смысловую, орфографическую, стилистическую или другую ошибку на этой странице, просто выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter. Выделенный текст будет автоматически отослан редактору



Бухта Капшагай © 2018 BigNews.KZ bignews.kz СНКР-Kapinfo.kz Kapinfo.kz
Яндекс.Метрика