Табысқа үйрену артықтық етпейді «QAZAQ радиосында» кәсіпкерлік жөнінде жаңа бағдарлама

Табысқа үйрену артықтық етпейді «QAZAQ радиосында» кәсіпкерлік жөнінде жаңа бағдарлама

Городской Портал Бухта Капшагай | Талдықорған қаласының тұрғыны Нүрика Байжұманованың әр күні Қазақ радиосының таңғы жаңалықтарын тыңдаудан басталады. 70 жасар әже үшін радио - негізгі, әрі сенімді ақпарат көзі. Одан қалса, апта сайын ұлттар достығы жөнінде баяндайтын “Достық” бағдарламасын үзбейді. Бүгінде Нүрика әженің ұйып тыңдайтын бағдарламалар қатарына кәсіпкерлік тақырыбына арналған “Табыс кілті” бағдарламасы енді.

«Қазақ радиосын баяғы әдетім бойынша тыңдаймын. Көптеген пайдалы дүниелерге толы. Кәсіпкерлік туралы бағдарлама ашылғанына өз басым қуанып отырмын. Жастарға, әсіресе ауылдағы азаматтарға нәтижелі болады деп ойлаймын», - дейді ол.
Айта кетейік, 4 қыркүйектен бастап «QAZAQ радиосы» толқынында “Табыс кілті” атты кәсіпкерлік туралы жаңа бағдарлама тыңдармандарға жол тартты. Онда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнестің тасын өрге домалату құпиясымен, пайдалы кеңестерімен бөліседі.
Бағдарламаның көрермені жас кәсіпкер Дархан Айтқазының айтуынша, “Табыс кілті” аз уақыт ішінде азаматтар үшін “радио кеңесшіге” айналды.
«Байқасаңыздар, теледидар, радио, басылым болсын, кәсіпкерлік жайындағы материалдардың басым бөлігі тек ақпараттық бағытта. Тәжірибелі мамандар мен кәсіпкерлердің шынайы өмірмен ұштасатын кеңестері мен сияқты жас кәсіпкерлерге өте өзекті. Жалпы табысқа үйрететін пайдалы ақпараттар ешқашан артық болмайды», - дейді Дархан.
Ал такси жүргізушісі Айдар Байжұманов кәсіпкерлік туралы бағдарламалар көптеп шығуы тиіс дейді.
“Елбасы халық арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде атады. Сондықтан да, бұқаралық ақпарат құралдарында бизнес бастау жөнінде жол көрсететін дүниелер көп болуы тиіс деп ойлаймын. Әсіресе, кеңестер мен нұсқаулар қажет. Көлік ішінде жолаушылар үшін “Табыс кілтін” қосып қоятын болдым. Өзім де соңғы кезде жеке кәсіп ашу туралы ойланып жүрмін. Мал шаруашылығымен айналысқым келеді”, - дейді жүргізуші.
Айдар Байжұманов сынды бизнес бастауға ынтаңыз болса, кәсіпкерлік жайлы өзекті кеңестер алғыңыз келсе, «QAZAQ радиосынан» дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10:00 және 14:00-де шығатын «Табыс кілті» бағдарламасын жіберіп алмаңыз. 

Источник:
16:55
355
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!

Если вы заметили смысловую, орфографическую, стилистическую или другую ошибку на этой странице, просто выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter. Выделенный текст будет автоматически отослан редактору



Бухта Капшагай © 2018 BigNews.KZ bignews.kz OpenBlog.KZ OpenBlog.kz СНКР-Kapinfo.kz Kapinfo.kz
Яндекс.Метрика