Поздравление Акима Талгата Кайнарбекова с Днем Конституции РК.

Поздравление Акима Талгата Кайнарбекова с Днем Конституции РК.

Городской Портал Бухта Капшагай |Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! Баршаңызды осы ұлық мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

“Көптің сөзі – киелі”, дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы.
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Конституция адам мен азамат қатынастарының қағидаттары мен нормаларын бекітті, қазақстандық қоғамның алдындағы мақсат-межелер мен әлемдік қоғамдастықтың алдындағы бастапқы міндеттерді қалыптастырды, Қазақстан халқының егемен құқықтарын негіздеді. Бүгінгі күні Қазақстанда ішкі тұрақтылыққа қол жеткізіп, әлеуметтік даму базасының сенімділігі қамтамасыз етілді, өңірдегі ең үздік экономика құрылды. Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз.
Көптеген елдер Конституцияның қабылданған күніне үлкен маңыз беріп, ұлттық мереке ретінде атап өтеді. Өйткені, мемлекеттің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін, азаматтарының құқығы мен бостандығын баянды еткен Ата Заңның рухы әрқашан да асқақ болады.
Қазақстанның әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.
Біз ұлан-ғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек. Олар елі азат, жері тұтас қуатты мемлекет құруды аңсады. Осы арманды ақиқатқа айналдыру бақыты біздің ұрпаққа бұйырды. Елімізді әлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына қосып, қарқынды дамытып өркендете беру – біздің қастерлі де қасиетті борышымыз!
Құрметті қапшағайлықтар!

Конституция біздің басты құндылықтарымызды – Тәуелсіздікті, Бейбітшілік пен Тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу. Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, әрқашан сәттілік тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!


Искренне поздравляю вас с одним из самых знаковых дней в календаре независимого и суверенного Казахстана – Днем Конституции!

Сегодняшний праздник имеет особое значение в жизни всех казахстанцев. Ведь именно в этот день был принят главный Закон страны, который основан на принципах демократии, равенства и свободы.
Конституция Республики Казахстан является залогом стабильной модернизации казахстанского права, стержнем построения демократического и правового государства.
Она служит ядром национальной политико-правовой системы нашей демократической республики.
День принятия Конституции 30 августа 1995 года вписан в летопись Казахстана особой строкой. Основной закон страны стал мощным импульсом для проведения реформ в стране. И сегодняшние положительные результаты в экономике, политике, межнациональной стабильности связывают с положениями Конституции 1995 года.
За годы независимости наша страна не раз доказала свою эффективность и нацеленность на защиту прав и свобод граждан, придала новый импульс экономическим реформам, обеспечила создание эффективной нормативной правовой базы и законодательного поля деятельности Парламента и Правительства. Благодаря Конституции Казахстан стал полноправным членом мирового сообщества. На мировой арене нашу страну воспринимают как солидного и делового партнера.
Мы открыты для всех государств, строим со всеми странами мира конструктивные отношения.
Наша Конституция принята путем прямого волеизъявления граждан, документ охватил все демократические принципы цивилизованного и светского государства. Он является фундаментом государственного строя и единства страны. На протяжении 22 лет, основываясь на Конституцию, каждый из нас может равноправно выражать свое мнение и защищать права и честь. В наши дни Конституция является неоспоримым и незыблемым источником защиты всех казахстанцев.
Сегодня благодаря той основе, прописанной в Конституции, наша страна под руководством Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева, ставит перед собой самые амбициозные цели, претворяя в жизнь грандиозные проекты. В их числе такие стратегические программы, как «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер», «Рухани жаңғыру» и многие другие, позволяющие с уверенностью смотреть в завтрашний день, достигать намеченных целей.

Дорогие капшагайцы!

Наш долг – уважать Конституцию, как уважаем свою страну, свою историю, свои достижения. Все это дает нам возможность быть уверенными в завтрашнем дне. Ведь строгое следование Конституции – это основа успешного развития государства и гражданского согласия в обществе. Научиться жить по ней – это и есть высшая школа демократии. Наша святая обязанность – бережно относиться к Конституции.
В этот светлый праздничный день от чистого сердца желаю всем крепкого здоровья, радости, успехов, мира и добра!


Источник:
15:15
213
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!

Если вы заметили смысловую, орфографическую, стилистическую или другую ошибку на этой странице, просто выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter. Выделенный текст будет автоматически отослан редактору



Бухта Капшагай © 2017 BigNews.KZ bignews.kz OpenBlog.KZ OpenBlog.kz СНКР-Kapinfo.kz Kapinfo.kz
Яндекс.Метрика