«Қорғаста» Іскер әйелдер кеңесінің халықаралық инвестициялық форумы өтеді

«Қорғаста» Іскер әйелдер кеңесінің халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Городской Портал Бухта Капшагай | Бұл туралы Талдықорғанда өткен Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің бизнес-таңғы асында айтылды.

ӨКП Өңірлік кеңесінің төрайымы, Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықова іс-шараны ашық деп жариялап, ұйым қызметінің аралық қорытындысын айтып, жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, әйел кәсіпкерлігін дамыту мен жүзеге асыру мақсатында 23-24 қараша күндері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында халықаралық инвестициялық форум өтеді.

«Инвестфорум – бұл іскер әйелдерге жаңа мүмкіндіктер мен нарықтарды ашатын «Қорғас» инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстыруға арналған халықаралық алаң. Аталған іс-шараға Италия, Монако, Франция, КХР және ТМД елдерінен кәсіпкер әйелдер шақырылды. Бұл В2В форматына келіссөздер жүргізіледі», – деді Римма Салықова.

Форумды Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесі, өңір әкімдігі, COCAD іскер журналы мен GOLDBERG inc компаниясы ұйымдастырады.

Облыстың Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қазіргі таңда «Елім» көпфункциялы сауда орталығының жобасы әзірленіп жатқанын айтты, аталған орталық «Қорғас» территориясында орналастырылады. Кәсіпкер әйелдерге заманауи сауда алаңдары, кездесулер мен конференцияларды ұйымдастыруға арналған кеңселер, сонымен қатар ұлттық павильон беріледі. Осылайша, бұл кешен туристерге арналған бетке ұстар орталық болмақ.

Іс-шара барысында Әйгерім Берекешова мен Айжан Зәкірова COCAD іскер-журналының таныстырылымын жасады. Іскер басылым әлемге әйгілі Forbes журналына ұқсас өңірлік басылымға айналмақ.

11:49
84
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!

Если вы заметили смысловую, орфографическую, стилистическую или другую ошибку на этой странице, просто выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter. Выделенный текст будет автоматически отослан редактору



Бухта Капшагай © 2018 BigNews.KZ bignews.kz СНКР-Kapinfo.kz Kapinfo.kz
Яндекс.Метрика