oC
oC

Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні назарларыңызға жеткізеді.

Тип статьи:
Авторская
Источник:
Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні назарларыңызға жеткізеді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналар:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі);
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Заңықолданысқа енді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру және салық саясатын жаңа экономикалық шындыққа келтіру мақсатында бизнестің дамуына ынталандыруға, шикізаттық емес секторда салық базасын кеңейтуге бағытталған нормалар енгізілді, салық жеңілдіктері оңтайландырылды, арнайы салық режімдері қайта қаралды және салықтық әкімшілендірудің жаңа механизмдері енгізілді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) ережелеріне сәйкес Салық кодексі әзірленді және осы шолу хатында келтірілген негізгі өзгерістерді қарастырады.
Салықтық тексеру жүргізу тәртібі
Салықтар бойынша аудит жүргізу үшін таратылатын салық төлеушінің ЖЖТ бойынша шегі 150 000 АЕК дейін 60-баппен ұлғайтылды. Бұдан басқа аудиторлық ұйымдармен заңды тұлғаларды тарату немесе дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату кезінде салықтар бойынша аудит жүргізу үшін жағдайлар жақсартылды. Аудиторлық ұйымдарға қатысты салықтыр бойынша аудиторлық қорытындыны дұрыс емес жасағаны үшін лицензиядан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылық жойылды.
жеке практикамен (қорғаушылар, жеке нотариаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) айналысатын жеке тұлғалардың қызметі салықтық тексерулер жүргізусіз (камералдық бақылау негізінде) тоқтатылатын болатындығы 66-баппен белгіленген.
Салықтық тексерулер деп қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттеменің орындалуын қоспағанда (жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемеден басқа), салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру болып 138-баптың 1-тармағында анықталды.
Салық кодексінің редакциясын жақсарту мақсатында салықтық тексеру түрлері (кешендік, тақырыптық, қарсы және хронометраждық зерттеулер) нысандарға өзгертілді. Салықтық тексерулердің түрлері ішінара салықтық тексеру және жоспардан тыс салықтық тексеру болып белігіленеді.
Қарсы тексерулердің санын азайту мақсатында, мемлекеттік кіріс органдарымен кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіден (салық агентімен) операциялар жүргізген тұлғаларға, мемлекеттік кіріс органдарына осындай операциялар бойынша қосымша ақпарат алу мақсатында, сұрау жолдау құқығы берілгендігі 140-баптың 7-тармағында белгіленген. Сұрау жолдау тәртібі мен осындай сұраулар бойынша жауап алу тәртібі уәкілетті органмен бекітілетін болады.
Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімінің негізінде хронометраждық зерттеп-қарау немесе тақырыптық (рейдтік) салықтық тексерулер тағайындау 145-баптың 5-тармағымен, 143-баптың 2-тармағымен, 144-баптың 2-тармағымен анықталды, сонымен бірге қарсы тексеру тағайындау нормативтік құқықтық актілердің заңының аясында белгіленеді.
Жоспардан тыс салықтық тексерулердің негіздемелері 145-баптың 3-тармағында қарастырылған, бұл ретте жаңа Салық кодексі шегінде осындай негіздемелер 32-ден 12-ге яғни 62% дейін азайған.
Тексерудіңстандартты файлын енгізу 150-бап қарастырады.
Салық төлеуші 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің бухгалтерлік және салықтық есепке алу ақпараттық жүйелері арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша стандартты файлын жүктей алады, және оны салықтық тексеру барысында еркін негізде бере алады.
Тексерушінің осы файлды зерделеуге және кейіннен белгілі бір операцияларға баса назара аударуға, сонымен бірге тексеру жүргізудің нақты мерзімдерін қысқартуға және салық төлеушімен байланысты төмендетуге мүмкіндігі болады.
Салық органының лауазымды адамдарының және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жаңа 155 және 156-баптар енгізілген.
Жеткізіп берушілерге, экспортерлерге қарсы тексеру жүргізу 152-баппен жойылды, камеральдық бақылау бұзылған жағдайда ауыстырылады, камеральдық бақылау бойынша хабарлама жіберілетін болады.
Ерекше бөлікке қатысты
189-бапта жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін жаңа төлемақы көзделген.
191-бапта 259-баптың ережелерін қолдану туралы шешімді салықтық есепке алу саясатында көрсету бойынша міндеттілік енгізілген (Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды шегерудің және көмірсутектерді барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерiнің ерекшеліктері).
192-бапта салық салу мақсатында запастардың құны – сатудың ықтимал таза бағасына дейін есептен шығару және сатудың ықтимал таза бағасының ұлғаюынан туындаған, бұрын есептен шығару жүргізілген запастарға қатысты қалпына келтіру арқылы запастар құнының өзгеруін есепке алмай айқындалатыны белгіленген.
193-бапта Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі өзгертілді
Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтер мен активтер бойынша құжаттамасын қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салықтық міндеттеме есептелген кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен басталады.
Бұл ретте, І-топтың тіркелген активінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелген соңғы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл өткенге дейін сақтайды, ал II, III және IV топтардың тіркелген активтері бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ кемінде бес жыл сақтайды.
Салық төлеушілерді салық органдарына тіркеу және тіркеуді есепке алу. Салық есебі. Бақылау-кассалық машиналарын қолдану.
заңды тұлғаның салықтық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ ұсынылатын құжаттарды қысқарту жолымен құрылымдық бөлімшенің, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында қызметін тоқтату рәсімі58-баппенжеңілдетілді;
74-баппен салықтық процедурларды оңайлату мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебі қысқартылды;
тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беру жолымен өзгертуге жататын заңды тұлғалардың, құрылымдық бөлімшелердің тіркеу деректерінің тізбесі 77-баппен қысқартылды (мемлекеттік кірістер органдары арқылы заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесініңбасшысы туралы мәліметтерді өзгерту функциясы жойылды);
93 бабымен талап қоюдың мерзімі ішінде қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілерді мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтату туралы норма көзделген;
97 бабына сәйкес салық төлеушінің жеке шотынан бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені бір жұмыс күні ішінде беру уақытын азайту көзделген;
98 бабына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру актісі алынып тасталды;
101 бабына сәйкес бюджетке артық төленген төлемді (қосылған құн салығын қоспағанда) анықтау үшін салықтық кезеңге байланыс алынып тасталынған артық төленген сомасын қайтару тәртібі 15 жұмыс күнннен 10 жұмыс күніне қысқартылды;
108 бабына сәйкес мемлекеттік бажды қайтару кезінде төлем құжатты ұсыну қажеттылыгы алынып тасталынған;
166- баппен (енгізу туралы Заңның 22-бап)бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілер санаттары өзгертілді:
— осы талапты ашық сауда рыноктарының аумағында тұрақты емес сауда объектілері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға тарату – 01.01.2019 жылдан бастап күшіне енеді;
— патентке негізделген арнаулы салық режимін пайдалану арқылы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға осы талап – 01.01.2020 жылдан бастап күшіне енеді;
— екінші деңгейдегі банктерді осы санаттан шығару – 01.01.2018 жылдан бастап күшіне енді;
167-баппен (енгізу туралы Заңның 23-бабы) салық органдарында бақылау-кассалық машиналарды тіркеу кезінде ұсынылатын талаптар өзгертілді(қызмет түрлеріне қарамастан қолдану орны бойынша салық органында есепке қою қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, тек қана деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары жатады) – 01.01.2018 жылдан бастап күшіне енеді;
салық органдарында бақылау-кассалық машиналарды тіркеу тәртібі өзгертілді(деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органында қолдану орны бойынша тіркеу фискалды деректер операторының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады) – 01.01.2024 жылдан бастап күшіне енеді;
01.01.2024 жылға дейін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға барлық салық төлеушілердің өтуін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР ҚМ МКК қызмет түрлерін жыл сайын кеңейту арқылы кезең-кезеңмен көшу әзірленді.

Қапшағай қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
«Салық төлеушілердің ақпаратты қабылдау
және өңдеу орталығы бөлімі»
11869
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!

Если вы заметили смысловую, орфографическую, стилистическую или другую ошибку на этой странице, просто выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter. Выделенный текст будет автоматически отослан редактору




Бухта Капшагай © 2018 BigNews.KZ bignews.kz СНКР-Kapinfo.kz Kapinfo.kz
Яндекс.Метрика